Орталық аурухана аймағы мал жайылымына айналған. Емдеу мекемесінің күзетшілері жылқылар мен ешкілерді күнде қуып жалыққан. Дәлел ретінде біздің редакциямызға видео жіберді. Көріп тұрғандырыңыздай 4 ат аурухананың тура алдында жүр. Күзетшілердің айтуынша, жануарлар жаз басталғалы бері осында келіп жайылуды әдетке айналдырған. Оларды қуғанмен, еш пайда жоқ. Келесі күні де осы аймақтан табылады екен. Көбінесе түскі 4- тен кейін келетін көрінеді. Оларды қуып шаршаған аурухана күзетшілер қазір жануарлардың иесін іздеуде.
Нұрсұлтан Бейсекев-орталық аурухана күзетшісі
«Біз мал иелеріне ескерту жасаймыз. Бұл орталық аурухана мал жайылатын жер емес. Өйтпеген жағдайда біз өз тарапымыздан шара қолдануға мәжбүрміз. Күнделікті 4 жылқы, ешкі лағымен жүреді. Күнделікті сағат 4 тен 7 ге дейін, 7 ден 10-ға дейін.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login