1.Жан түршігерлік көлік апатынан зардап шеккен екі балқаштық тікұшақпен Қарағандыға жеткізілді. Балқаштағы орталық ауруханада жансақтау бөлімінде жатқан ер адам мен әйелді облыстық мамандар бүгін алып кетті.
2.Балқашта мемлекет мүлкі қолды болуда. Белгісіз біреулер Ағыбай батыр көшесінің бойына қойылған қоқыс жәшіктерін ұрлап кеткен. Өткен жылдың соңында жол бойына жағалай 70 жәшік орнатылған болатын. Алайда, қазір соның 10 шақтысы орнында жоқ.
3.Балқашта сау әдеттер марафоны басталады. Оған қатысушылар 10 күн бойы медиктердің айтқанын бұлжытпай орындауы тиіс. Сыннан сүрінбей өткендер сыйлыққа ие болады.
4.Қазақстанға әкелінентін алтын бұйымдарының 90 пайызы контрафактілік тауар болып саналады. Ұлттық зергерлер лигасының мәліметінше 10 әшекейдің 9 сапасы төмен, жасанды зат болып шығады екен. Тіпті сынамаға да сенуге болмайды. Себебі асыл металдан жасалған деп алған бұйымыңыз ертеңгі күні алтын жалатылған күміс болып шығуы мүмкін. Осыны ескерген біздің тілшілер нағыз алтынды қалай ажыратуға болатындығын біліп қайтты.
5.Әшекей бұйымдар кез-келген адамның ажарын кіргізері сөзсіз. Ал балқаштықтар қандай бұйымдарды ұнатады? Көбінесе қандай металдан жасалған әшекейлерді тағады. Бүгін біз осы сұрақпен халық арасына шығып, елдің қалауын біліп қайттық.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login