30 ға жуық балқаштық өзіне тұрғылықты жұмыс тапты. Балқашта бос жұмыс орынддары жәрмеңкесі өттіү Бұл жолы жұмыспен қамту орталығының мамандары және жұмыс берушілер екі қолға бір күрек іздеп жүрген тұрғындарды далада, мәдениет сарайының жанында қабылдады.
Балқаш тұрғыны Александр Щекочихин болашақ бастығының сұрағына жауап беруде. 28 жастағы ер адам алматыда 5 жыл бойы слесарь-монтаждаушы болып жұмыс істеген. Балқашқа көшіп келгелі бері жарты жлы жұмыс іздеумен болыпты. Алайда, іздегенін тек бүгін тапты.
Александр Щекочихин –қала тұрғыны
«Мен өзіме керектісін таптым. Ең бастысы жұмысым өзіме ұнайды. Оның үстіне мұнда ұзын кезекте жоқ. Осылайша далада қабылдағандары дұрыс болды.
Шараға қызметкер іздеп 20 дан аса ұйым келді. Олар екі қолға бір күрек тапай жүргендерге 350 бос жұмыс орнын ұсынды. Мәдениет сарайының алаңында еңбек етіп, нан тапқысы келетін тұрғындар өз түйіндемесін өткізіп, жұмыс берушілермен тілдесуге мүмкіндік алды.
СНХ:Сағдат Науанбаев-қала тұрғыны
«Мен бүгін жастар ресурстық орталығына тұрдым. Жастар парктикасы бағдарламасы арқылы. Жалақым 50 мың теңге болып шығады. Бұл жұмысты іздегеніме көп болған жоқ. Тез тауып берді.
Жанар Қаржанова – жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары
« көптеген жұмыссыз азаматтар өздеріне тұрақты жұмысқа орналасуға, жастар практикасына, қоғамдық жұмысқа жолдама алуда.Жастар практикасына жолдама алған адам 6 ай мерзім жұмыс жасайды. Әрі қарай тұрақты жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіндік бар.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 200 ге жуық балқаштық келді. Соның 30 өзіне тұрақты қызмет таба алды. 8 жас маман жастар практикасы бағдарламасы бойынша 6 айлық жұмысқа жіберілді. Тағы екеуі әлеуметтік жұмыспен қамтылды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login