Балқашқа кіре берісте болған жол апатынан екі адам қаза тапты

Қалаға кіре беріс жолда екі көлік қақтығысып, 7 жолаушы зардап шекті. 2 адам көз жұмды. Оның бірі бір жастағы нәресте болса, екіншісі 34 жастағы азамат. Қайғылы оқиға 21 шілде күні түнде болған. Шұбар кентінен келе жатқан «Mercedes» қаладан шыққан Реноға соғылған. Алғашқы көлікте 4 адам болыпты. Оның екеуі — бала. 6 жастағы қыз бас ми жарақатын алған. Қазір травматология бөлімінде ем қабылдауда. Ал 6 айлық сәби ауыр хәлмен жансақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратымен дем алуда. Өкінішке қарай 34 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болды. 25 жастағы жүргізуші болса жан сақтау бөлімінде. Дәрігерлердің айтуынша хәлі ауыр.

Мақсат Нұртазин — травматология бөлімшесінің меңгерушісі
«6 айлық балаға дереу ота жасадық. Көкбауыры алынды. Көп қан жоғалтқандықтан қан құйдық. Ер адамға операция жасалды. Оның жақ сүйегі сынған. Бас ми жарақатын алған. Қазір жағдайлары ауыр, тұрақты».

Ал екінші көлік — Ренода 5 адам отырған. Мұнда да екі бала болыпты. Екі жастағы сәби бас ми жарақатымен травматологияға жеткізілді. Ал бірге жаңа толған екінші нәрестенің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, басынан ауыр соққы алған бүлдіршін ауруханада көз жұмды. Ал анасы реанимацияда. Оның иық және жамбас сүйектері сынған. Қазір жағдайы ауыр, тұрақты. Рөлде баланың әкесі болған. Ол және жолаушы әйел травматология бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша өмірлеріне еш қауіп жоқ.

Мақсат Нұртазин-травматология бөлімшесінің меңгерушісі
«Травматология бөлімшесінде жатқан ер адамның жамбас сүйегі сынған. Ал келіншектің  иығына және жауырынына зақым келген. Бөлімшеде жатқан науқастардың жағдайы орташа тұрақты. Өмірлеріне еш қауіп жоқ».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать