«Металлург» футбол командасы өз алаңында жеңіске жетті

Металлург командасы алматылық УТЦ ЦСКА құрамасын 1-0 есебімен ұтты. Соның арқасында Қазақстан біріншілігінің турнир кестесінде 4 орыннан екінші орынға көтерілді. 

Металлург пен УТЦ ЦСКА командаларының арасындағы кездесу алаң иелерінің шабуылымен басталды. Балқаштықтар мен алматылықтар кезек-кезек допқа иелік етті. Ақырында бірінші таймның соңғы минутында есеп ашылды. Балқаштық Хедиятулла Махмадов қонақтарддың қақпасын дәл көздеді.

Бұл күні жанкүйерлердіңерекше қолдау білдірді. Барабан соғып, балқаш чемпион деп айқайлаумен болды.

 Балқаш жақсы ойнап жатыр. Балқаш та Алматы да берілмей жатыр. Балқашқа жүрегіміз ауырып келдік.

Қауіпті сәттер  көп болып жатыр. Алматы біздің қақпаға жақындап  жатқан жоқ.  Бүгін біздің балқаш командасы жеңеді деп ойлаймын.

Соңғы таймда тағы балқаштық жанкүйерлер тағы бір гол күтке еді. Алайда сенімдері ақталмады. Металлург командасы қанша шабуыл жасаса да, ойлағандары іске аспады.

Серікбол Бектұрганов – «Металлург» футбол командасының жаттықтырушысы

« 70-80 процент басымдылықпен ойнадық. Қарсылас команданың полясында ойнадық. Бірақ алматылық команда қорғаныста тұрып алып, ойдағыдай ойнай алмадық.

Осы жеңістен кейін «Металлург» 12 команданың ішінде 27 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Олар үшін әуесқой командалар арасында өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінің алғашқы айналымы ұтыспен аяқталды. Жарыстың келесі кезең 19 тамыз күні Алматыда басталады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать