Көптен күткен құрылыс.Қалалық медициналық колледжінің жатақханасы араға 36 жыл салып жаңа кейіпке енетін болды. 1982 жылы тұрғызылған нысанға биыл алғаш рет жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін 5 қабатты ғимаратқа 170 млн. теңге қаржы бөлінді.
Жатақханадағы құрылыс шілде айында басталды. Бүгінде 5 қабатта жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Мәселен, қазіргі күні құрылысшылар 4 қабаттағы бөлмелердің қабырғаларын қырып, тегістеп жатыр. Электр сымдарын ауыстырып, жылу құбырларын бекітуде. Әзірге 40 пластик терезе орнатылды.
СНХ: Дәулет Барланов-мердігер
«Қазір демонтаж жасап жатырмыз.Осы аптаның аяғында тазалық, тегістеу жұмыстарын аяқтаймыз.Левкас бастаймыз.Линолиум төсейміз. Есіктерін саламыз. Жуынатын бөлмелерге кафель саламыз.2953 Менің жұмыскерлерім таңертең 8.00 келеді сағат кешкі 19.00 дейін. »
36 жыл бұрын бой көтерген нысанда биыл көптеген өзгерістер болады. Бұрын жатақхананың екі қабаты 124 студентке арналса, биыл олардың саны артып, 240 адамға шақталып жасалады. Яғни, 2,3,4 қабаттар тек балаларға беріледі. Әр қабатта жатын бөлмелерден өзге екі демалыс орны, жуыну, ас бөлмелер болады.Және барлық техникалар мен жиһаздар жаңадан қойылады.
Ал ең жоғарғы 5-ші қабат отбасылық баспанаға айналады.Көлемі 36 шаршы метрлі болатын 16 пәтер пайда болады.Оның 12-і қалалық ауруханаға жұмыс істеуге келген жас мамандарға беріліп, қалған төртеуін медициналық колледждің қызметкерлеріне үлестіріледі.
СНХ: Серік Пшенбаев- Медициналық колледж директоры
« Бесінші қабатты толығымен кішкентай бөлмелерден пәтер ашамыз.16 пәтер. Бұл қаламызға өте қажет. Жас мамандар, дәрігерлерді бізге қалаға шақырып, тұрғын-үй ретіндепәтер беру үшін 16 бөлмеден 12 орталық ауруханаға береміз. Бұл келісім-шарт бойынша жас маман келеді.Ауруханаға, колледжге келсе пәтер сол кісілердің қолдарына беріледі.»
Түйіндей келе, жатақхананың ішкі құрылысынан өзге шатыры толық ауыстырып, алаңы абаттандырылады. Студенттер үшін әмбабап корт алаңы салынып, ғимараттың жертөлесі жаттығу бөлмесіне айналады. Оған қоса, бөлмеден далаға шықпай-ақ колледжге өту үшін 25 метрлік жабық жол жасалады. Мұндай жұмыстардың барлығын екі Қарағандылық мердігер компания 31 қазанға дейін аяқтайтын болады. Ал оған дейін студенттер басқа жатақхана мен пәтерлерге орналастырылады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login