Балқаштықтар ұлттық домбыра күнін атап өтті

Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ домбыра! Балқашта ұлттық домбыра күнінде Астана аллеясына 30 ға жуық домбырашы жиналды. Күй тартып, ән айтып тұрғындардың құлақ құрышын қандырды.

Наргиз Нұрлан «Ақ қайың» әнін орындауда. 12 жастағы дәсүрлі әнші домбыра шертуді 7 жасында  үйренген. Қазір ұлттық аспаптың көмегімен 50- ден аса әнді құйқылжыта орындайды. Тіпті республикалық, халықаралық байқауларға қатысып сан рет жеңімпаз атанған.

Наргиз Нұрлан – дәстүрлі әнші

 Мен бүгін дәстүрлі ән сыныбын бітірдім. Осындай мереке болып жатқанына қуаныштымын. Домбыра ол қазақтардың киелі аспабы.

Балқашта ұлттық  домбыра күні Астана аллеясында аталып өтті. Ашық аспан астында кіші буын мен аға буын өнер көрсетті. Әсіресе «Өнер мектебінен» келген балалар белсенді. Мысалы мына 4 жігіт «Балдыз», «Кербезсұлу»  және «Көңіл толқыны» атты 3 күй шертіп, көрерменің құлақ құрышын қандырды. Ал домбыраның күмбірлеген даусын сағынған ел ұлттық аспапты ұлықтайтын мерекенің пайда болғанына дән риза.

Қала тұрғындары:

 Көрейік деп келдік. Домыра өзіміздің ұлттық аспап болғаннан кейін, күй дегенде жанымыз бар ма?! Сондықтан көрейік деп келдік.

 Жалпы халықтың рухы көтерілді ғой. Ұлттық салт-дәстүріміз қайтып келе жатыр. Жақсы мереке. Құтты болсын!

Дәстүрлі әншілер мен күйшлер ұйымдастырған концерт бірнеше сағатқа ұласты.  Ұлттық аспапта жалпы саны 25 — тен аса шығарма орындалды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать