Бүгін Техснаб кентінің автожолын жөндеу басталды.Жеке меншік компания таңертеңнен бері ескі асфальт үгінділерін тасып жатыр.
Галина Федотованың бала күні осы Техснаб кентінде өткен. Айтуынша,70 жылдары аталмыш елді мекеннің жолдары оқтаудай түзу болып, екі мыңшы жылдардың басында жылу электр станциясынан ағатын ыстық судан құртыла бастаған. Оны қалыпқа келтіру үшін соңғы рет 2016 жылы ұсақ тастар төселген дейді.
Галина Федотова- қала тұрғыны
«Әрине, жоқтан бар жақсы. Сондықтан ескі асфальт үгінділерінің төселгені жақсы. Бірақ, оны арнайы көлікпен дұрыстап төсемесе,пайдасы болмайды. Ірі тастар көліктерге кедергі келтіретін болады».
Жалпы, шұңқырдан көз ашпайтын Техснаб кентінің жолдары Ленин көшесінен шыққан еске асфальт үгінділерімен тегістелетін болды. Жоспар бойынша 1 шақырым жолды жасау үшін камазбен 100 рейс асфальт әкелінбек.Және жөндеу жұмыстары екі күнде толық аяқталады дейді жауапты мамандар.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login