Бүгін бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні. Бұл дата алғаш рет Римде бекітіліп, 30 жылдан бері аталып келеді.
Ерқанат Нұрланның айтуынша, балық аулау адамның жаны мен тәнін тыныштандырады.Сондықтан 50 жастағы жерлес 17 жылдан бері бұл саланы ермекке айналдырған. Күнәрә көл жағалауына келіп, қармағымен балық аулап тұрады.
Ерқанат Нұрлан – Балқаш тұрғыны:«Суда демалған жақсы. Ой бөлінеді.Шаршағанын басылады. Балаларда демалады.Жұмыстан келгеннен кейін осылай демалып жүреміз біз».
Бүгінде Ерқанат табиғатпен сырласу жолын кіші ұрпаққа үйретіп жүр. Былтырдан бастап қасына Ербұлан Нетбек есімді бауырын ертіп, балық аулаудың тәсілдерін көрсетуде. Осылайша қызығушылығын арттырған 11жастағы оқушының жазғы демалысы тиімді өтуде.
Ербұлан Нетбек- қала тұрғыны
«Былтыр келдім балық ауладым.1100Қазір каникулда балық аулап демалып жүрмін.1127 Балық аулаған ұнайды».
Ал самал жел мен судың сыңғырлаған дауысын есту үшін балқаштықтардан өзге,қарағандылықтар да көл жағалауына күнде жиналады.Солардың бірі Федар Ласс. Ол отбасымен жыл сайын Балқашқа балық аулауға келіп тұратын көрінеді.
Федор Лаас – Қарағанды қаласының тұрғыны
«Қарағандыда балықты көп аулай алмайсың. Сондықтан отбасымызбен Балқашқа келеміз. Таңертең және кешке осылай отырып, қармақты салып қоямыз.Балықтар жақсы түседі».
Дей тұрғанмен, қармаққа балықты молынан түсіремін деп қауіпсіздік шараларын естен шығармаған дұрыс.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login