Шу қаласында аударылған пойыздың апатқа ұшырау себебі анықталды. Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша жүргек пойыздар жолдардың нашар болуынан аударылған. Өйткені жолдар соңғы рет көктемде жөндеуден өткен.Соған сәйкес, рельстердің кеңейіп кетуі мүмкін дегенді алға тартуда. Дегенменде, тексеріс жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Еске сала кетейік, пойыз апаты17 маусым күні Жамбыл облысындағы Отар мен Шу станцияларының арасында болды. Астана-Алматы пойызы түскі сағат 2-нің кезінде рельстен шығып кетіп, аударылғантын. Салдарынан 12 жастағы бала қайтыс болып, 22 адам зардап шекті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login