Балқашта каратэден халықаралық турнир басталды

Бүгін Балқашта  каратэ- до шотоканнан  тартысты  бәсеке басталды. Татами  төріне   Қазақстан  мен  Ресей  елдерінің 200-ге тарта  спортшылары  шығып, екі күннің  ішінде  өзара чемпионды  анықтайтын болады.

Халықаралық дәстүрлі  турнир  дене шынықтыру және сауықтыру  кешенінде  жалауын  көтерді.  Каратэ до шотоканнан  төртінші жыл  ұйымдастырылған дүбірлі  сайысқа  Ресей  мен Қазақстанның  ұл –қыздары  жиналып, спорт  саласына  еңбегі сіңген  Вячеслав  Савкивті еске алды.

Ал бірінші  болып  татамиге шығатын  балғынның бірі — Алан Қуаныш.  8 жастағы   спортшы   каратэмен 3 жылдан бері  айналысады. Осы  уақыт  аралығында  жерлесіміз қызыл белбеуге ие болып,  6 медаль  жинапты. Сондықтан спортшы бұл жолы да жеңістен дәмелі.

Алан Куаныш – каратэ-до шотаканнан  халықаралық турнирге қатысушы

«Мені бұл жарысқа бапкермен бірге  әкем  дайындады. Соққыларымды тексерді.  Қателіктеріммен  жұмыс істеді. Бұл жарыста  бірінші орын алғым келеді».

 Жалпы, ашық турнир 6 мен 17 жас аралығында өтуде. Оған ұл мен  қыздар екі топқа бөлініп, әрбірі өз  салмақтарында сынға түсуде. Қатысушылар кумитэ, ката, командалық топтар бойынша  медальдарды  сарапқа салады.

Фарит Аюпов – Ұлттық каратэ-до федерациясының президенті

 «Бұл  сайыста біз балалардың  техникасына, соққыларды  дұрыс  жасауына мән беретін  боламыз. Соған қарай бағасын  береміз. Ұпай саны бойынша кім көп  жинаса , сол  чемпион  болады».

Бірінші  күннің  қорытындысы  бойынша  балқаштықтар  топ жаруда. Алайда, соңғы   нәтиже  ертең  анықталып, чемпиондар белгілі  болады.

 

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать