Балқаштық полицейлер марапатқа ие болды

Бейбіт  күннің  батырлары. 23  маусым  Қазақстан  Респуликасының полиция   күнінде   балқаштың  тәртіп сақшылары  марапатталды. Кәсіби  мейрам иелеріне  ашық аспан астында құрмет  көрсетіліп, 61  маманға  түрлі  марапаттар  үлестірілді.

Тәуелсіздік  алаңында сапқа тұрған   мамандарды  алдымен  Александр  Аглиулин құттықтады. Көз ілмей, 24  сағат  бойы   ел  тынышғыны  үшін  еңбек етіп  жүрген  8  полицейге  құрмет   грамотасын табыс  етті.  13  маманға  алғысын  жеткізді.Кейін   ІІБ  басшысы Өміржан Қуандық «ҚР   полиция күніне 25  жыл» төс  белгісімен  7 қызметкерді  марапаттады. Сондай-ақ 10 маман  Ішкі Істер  Министрінің бұйрығымен   мінсіз  қызметі  үшін 1,2,3-ші  дәрежелі медальдарды   кеуделеріне тақты.  Және  де бұдан өзге    30 жуық  шенді  азамат  тікелей  басшыларының  құрметіне   мен алғысына  бөленді. Салтанатты  шара   концерттің бағдарламамен  жалғасын тапты.

СНХ:Нұркен  Джортбасов- ІІБ әкімшілік    полиция бөлімшесі  бастығының орынбасары

«  Құқық  қорғау  органдарында 15 жыл болады. Әрине бала  кезден бастап бір арман  болды.Сол  арманымыз  әрі қарай асып,  еңбек  етіп  жүре береміз».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать