Балқаштағы халықаралық турнирде жерлестеріміз 3 алтын олжалады

Балқаштың спорт шеберлерін еске  алуға арналған    халықаралық турнир    жемісті  аяқталды.  Финалға  шыққан  4  жерлесіміздің  үшеуі  чемпион атанды. Олар  шаршы  алаңда    Өзбекстан,  Ресей,  Монғолия, Тәжікстан, Қырғызстан елдерімен  жұдырықтасып  жеңіске қол жеткізді.

Қызыл  бұрыштағы балқаштық   Гүлназ  Бүрібаева екінші  раундқа шыққалы  тұр.48  келідегі  жерлесіміз үшін  финал тартысты  басталды. Өйткені,қарағандылық  қарсыласының  тыңғылықты  дайындалып келгені бірден көрінді.  Оған  қоса, екі  бойжеткенге  де  дем  жетпей,  шаршап  қала  берді.  Дей тұрғанмен, үш раунд  бойы  ұтқыр  тактикасын қолдана  білген  жерлес  3:0  есеппен   жеңіске жетті.

Гүлназ Бүрібаева – Бокстан  өткен халықаралық турнир  чемпионы (Балқаш)

 « Қарсыласым  мықты. Жекпе-жек өте қиын  болды. Мен  3:0есебімен  жеңіске  жеттім».

Жалпы  қыздар  арасындағы  ақтық сынға  5 салмақтан 3 балқаштық  шықты. Оның  ішінде  Камила  Бажбенова   ең ауыр салмақ  дәрежесінде Семейлікпен жұдырықтасты. 75 келідегі  қыздар арасында   жекпе-жек  тартысты  өтті.Ұпай  саны  бойынша  екеуіде тең дәрежеде   өнер көрсетті.  Тіпті семейлік  екі рет,  жерлесіміз бір рет  ескерту  алды.

Камила Бажбенова – Бокстан  өткен:0  халықаралық турнир  чемпионы(Балқаш)

 «Бұл   бой  маған өте  қиын болды. Әрі  қарай  білгенімді   көрсете  білдім.Ол рингте жүргенде  өз-өзін ұстай  алмай қалды. Рингте  боқ ауыз сөз айтып, жыныма  тиді деп айтсам  да болады.  ».

Ал қыздар  кейін  шаршы  алаңға  ұлдар  шықты. Ер балалар арасындағы  шайқас   Қырғызстан пен  Шығыс  Қазақстан облысының  спортшылары  арасында  өтті. Нәтижесінде,   қазақстандық  балғын  чемпион атанды.

Қуандык Шариханов – Бокстан  өткен халықаралық турнир  чемпионы (ШҚО)

«  Негізі  қырғызбен ауыр болды.Бірақта  дұрыстап  істеп шығып, ұттым.Қуаныштымын  ұтқаныма.Мен  алдыға бірінші болып  істедім. Сол  үшін берді деп ойлаймын».

Қорытындылай  келгенде,  5  күндік сайысқа сақадай сай келген  боксшылар арасында 20жүлденің  11-і  Қазақстандықтарға  бұйырды. Және  оның  үшеуін   балқаштықтар қоржынға салды.

Тлеугерей Маканалин – Балқаш  қаласының бокс федерациясының төрағасы

 «Бұл жарыс  қазір 6 мемлекеттің жарысы  деп айтуға болады.1938 Әрі қарай осы турнирді  АИБА-ға  кіргізсе  бірніш, екінші орындағы  балаларға  спорт шебері  атағын  беруге болады. ».

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать