Балқаш әкімі ардагерлермен кездесті

Қала әкімі ардагерлермен кездесті. Бас қосуға  ақсақалдар тыңғылықты дайындалып келген. Шаһардағы мәселелерді көтеріп басшыны сұрақтың астына алды. Суару жүйесі неге жоқ, жолдар қашан жөнделіп бітеді, аулалардағы сынған балалар алаңын кім жөндейді, секілді сауалдар қардай жауды.

Алдымен айта-айта жауыр болған  коммуналдық мәселе көтерілді. Осы салаға қатысты сұрақтардың барлығына ТКШ бөлімі басшысының м.а Нұрболат Бөлеген жауап берді. Оның айтуынша қалада  суару жүйесі бар. Тек барлық жерде емес. Оның есесіне қазір билік ардагерлердің қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру жағын қарастыруда. Сонымен бірге Тәуелсіздік алаңын кеңейту көзделуде.

Маманның есебін тыңдаған ақсақалдар жасыл желектердің суарылмайтынын тағы алға тартты. Тіпті керек болса көмек көрсетіп, арық қазуға дайын екендіктерін жеткізді.

Ардагер:Мен күн сайын орталық саябақтан күніне 2 ерт өтемін. Тек бір ғана арық қазып қойғансыңдар. Басқасы жоқ. Егер қиын болса, біз көмекке келейік. Ардагерлер кеңесі жиналып, қолымызға күрек алып арық қазуға шығайық.

Нұрболат Бөлеген-ТКШ бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы

«Арық жүйесі 50 пайызға қазылған. ІІБ орналасқан жоғарғы бөлікте суару жүйесі бар. Жұмыстар әлі жалғасуда.

Сондай-ақ балалар алаңы да сөз болды. Бір жерде оны жаңадан орнатып жатса, енді бір жерде оларды сындырып кетуде. Ал қираған алаңды кім қалпына келтіреді. Бұл сауалға шаһар әкімі жауап берді.

Александр Аглиулин-қала әкімі

Футбол алаңын қайта қалпына келтіруді мемлекет өз мойнына алады. Ол өте қымбат тұрады. Ал алаңдағы сәкілер мен орындықтарды сол алаңда тұратын жастарда жөндей алады. Онда тұрған еш қиындық жоқ.

Қала әкімі алда атқарылатын жұмыстарға да тоқталды. Мысалы  қала маңынан жел генераторларын орнатуға жер учаскесі бөлінген. Оған қоса қоқысты қайта өңдейтін зауыт салу жоспарлануда.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать