Енді жол мәселесін қозғасақ. Елдің жүйкесін тоздырып, ығырын шығарған Ленин көшесіне асфальт төсеу қашан басталады? Мердігер ұйым не себепті жұмысты тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл сауалдардың жауабын жауапты мамандармен кездесіп қайтқан тілшіміз біліп қайтты.
Ленин көшесіне асфальт төсеу мамыр айында басталу керек еді. Алайда, геологиялық зерттеу жұмыстары кезінде жолдың астыңғы қабатына бұрындары бетон төселгені анықталған. Оның ұзындығы 1 км. Содан жобаны қайта қарап, түзетулер енгізу үшін құрылыс 1 айға тоқтатылған.Себебі барлық жұмыстар заң жүзінде, бекітілген ереже бойынша жүргізілуі тиіс.
СНХ:Мейрам Ибраев-«АСМИР Строй Сервис» ЖШС бас инженері
«1 айды күткен себебіміз 4 майда авторский надзор жұмысты тоқтатты. Геологты шақырып изысканыие жасаңыздар деді. Геологтар келіп, 31 скважина қазып қандай материал жатқанын, қандай қалыңдығы бар соны жазып 14 июньде қолымызға тапсырды.
Өзгертілген жаңа жоба дайын. Енді оны тек бекіту қалды. Ал бетоннан құйылған жолдың төменгі қабаты мықты құрылым болып саналады. Сол себепті оны сол күйінде қалдыру туралы шешім шыққан. Ал қалған 2 км жолдың төменгі қабаты және жоғары бөлігі толығымен жаңаланады.
СНХ: Мейрам Ибраев-«АСМИР Строй Сервис» ЖШС бас инженері
«Проектіні заказчикке тараттым. Енді жаңағы мына жерді перерасчет жасаймыз. Бұл енді бір-екі күнде. Жұмыс белгілі. Жұмыс әрі қарай істеле беріледі.
Жалпы жол қабатының 36 см ауыстырылады. Оның 20 см бұл ұсақталған тас, ірі құмнан тұратын астыңғы бөлігі. Ал қалған 16 см асфальт. Оның өзі екі бөліктен тұрады. Қазір мамандар жолды ескі асфальт қалдығынан тазалап жатыр. Аяқталысымен жерді қазып, жолдың астыңғы қабатын жаңалайды. Кейін асфальт төсеуге көшеді.
Мердігер ұйым өкілдері Ленин көшесіндегі жұмыс қараша айына дейін созылады деп отыр. Себебі бұл ағымдағы жөндеу жұмысы емес. Жолды толығымен барлық қабатын алып жаңалау. 1 айға кешіккен құрылысшылар үлгеру үшін асфальт-бетон зауытын салуда.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login