Пәкістанда өндірілген шайлар құрамында пайдалануға тыйым салынған синтетикалық бояғыштар анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті хабарлады. Ал шәйләрдің тізімі мыналар. «Gajjal’s Теа» , «Allama», «Pac Tea»және Allied Tea. Олардың құрамында пайдалануға тыйым салынған синтетикалық бояғыштар нақтырақ айтсақ солнечный закат E 110 және тартразин E102 анықталған. Бұдан басқа «Al Barkat» шайының құрамында зең нормадан 10 есе, Gajjal’s Теа шайында 2-4 есе жоғары екені белгілі болды. Сондай-ақ, Пәкістанда өндірілген шайларда дайындалған күні, өндірушінің атауы және орналасқан жері көрсетілмеген. Қазір қоғамдық денсаулық сақтау комитеті талаптарға сәйкес келмейтін шайларды алу және жою, оны уақытша әкелуге және сатуға тыйым салу бойынша шаралар жүргізіп жатыр.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login