Балқаштық мемлекеттік қызметкерлер қайырымдылық жүгіріске қатысты. Шара мемлекеттік органдардың 20 жылдығына орай және «Дом» қайырымдылық қорына қолдау көрсету мақсатында еліміздің барлық өңірінде өтті. Балқаштан халық үшін тер төгіп жүрген 50 ден аса қызметкер қатысты. Ерлер мен әйелдер жас шамасына қарай 4 топқа бөлініп жүгірді. Жігіттер жағы 2.5 шақырымды ал нәзік жандылар 1.5 шақырымды бағындырды. Нәтижесінде 50-59 жас аралығындағы әйелдер арасында білім бөлімінің басшысы Гүлмира Ағдарбекова мәреге бірінші болып жетті. Ал орынбасары Айдос Қуанышбеков 40-49 жастағы ерлер арасында бәрінен озып келді. Мәреге бірінші болып келгендерге спорт бөлімінің атынан алғыс хат және қайырымдылық жүгіріске қатысқаншы үшін әкімнің атынан сертификат табысталды.
СНХ:Фархат Рахимов-спорт бөлімінің бас маманы
«Әр мемлекеттік бөлім «Дом» қайырымдылық қорына ақша аударып отыр. Жиналған қаржы сырқат балалардың еміне жұмсалады. Бізден балқаштан 14 мемлекеттік орган қызметкерлері осы қайырымдылық жүгіріске атсалысып, қаржы жинап, қорға қолдау көрсетіп отыр».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login