Балқаш әкімі қаладағы құрылыс нысандарын аралады

Жүргізушілердің ығырын шығарған Ленин көшесі қашан жөнделеді? Фонтандар қашан іске қосылады? Қала әкімі осы сауалдарға жауап алу үшін өзі мердігерлерді іздеп шықты. Қасына коммуналдық мекемелердің басшыларын ертіп, шаһарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Қала әкімі қаладағы фонтандарға жауапты мердігерге қаһарын төгуде. Тендрді наурыз айында ұтып алған ұйым тек тәуеліздік алаңындағы субұрқақты ғана іске қосқан.  Қалғанына уақыттары да қаржылары да  жетпепті. Ал фонтан жұмыс істеу үшін маторларын жаңасына ауыстыру қажет екен. Оларды орнатуға енді кіріспек.

СНХ:Әнуар Шайхамзинов-мердігер ұйым жетекшісі

«Біз фонтаннан бөлек басқада жұмыстар жетерлік. Мысалы 9 мамырға орай мәңгілік алау маңын аббаттандырдық. Одан кейін барлық қаржы мен жұмыс күші бассейн маңын жөнге келтіруге жұмсалды. Сол себепті субұрқақты іске қосу үшін маторға қаржы жетпеді. Енді алғыздық. Бір-екі күнде фонтандарды іске қосамыз.

Кейін қала әкімі Ленин көшесінің жолына жауапты мердігермен кездесті. Уақыттан қалып жатқан ұйым асфальт төсеуді бір-екі аптада бастамақ. Оларды біраз сынға алған шаһар басшысы жауын-шашын суы жиналып қалатын аймақтарға да суды бұрып әкететін арық жасауды тапсырды.

Шаһар басшысы биыл жөндеуден өтетін аулаларды да назардан тыс қалдырмады. Александр Аглиулин мердігерлерге тротуар бойында тұрған қоқыс жәшігін басқа орынға жылжытып, жанына қағаз, шыны, пласмасқа арналған шағын жәшіктер орнатуға міндеттеді.

Қала әкімі мұндай тексеріс жұмыстарын енді жиі ұйымдастырмақ. Осылайша берілген тапсырмалардың дер кезінде орындалып, мердігер ұйымдардың уақыттақ қалмай сапаға жұмыс істеуін қадағаламақ.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать