Балқаш жаңалықтары 19 маусым 2018

1) Кеше Амангелді көшесінің бойында тауарға толы қойма өртенді. Қызыл жалынның жалпы аймағы 230 шаршы метр. Ал өрт іштен емес сырттан басталған. Тілсіз жау жоғарға қарай өршіп, екінші қабаттағы кеңсеге дейін жеткен. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді.

2) Қала әкімі Қоңырат мөлтек ауданындағы құрылыс нысандарының жұмыс барысын тексерді. Александр Аглиулин тозығы жеткен қазандықтардағы жөндеу жұмыстарын көзбен көрді. Көпқабатты екі үйдің бой көтерген қарқынын сынақтан өткізіп, қате жібергендерге ескерту айтты.

3) Ал Техснаб кентіне барар жол жөнделетін болды. Совет үкіметі кезінен асфальт көрмеген автожолға ескі асфальт үгінділері төселеді. Оны мамандар бейсенбі, яғни 21 күні іске асырмақ. Ұзындығы 1 шақырым болатын жолға Ленин көшесінен шыққан ескі асфальтты төсеп, шұқырларды тегістейді.

4) 1 — шілдеден бастап қазақстандықтарды көптеген өзгерістер күтіп тұр. Мәселен,келесі айда базалық зейнетақы басқаша есептеле бастайды, онымен қоса ел тұрғындарына визаны электронды түрде рәсімдеуге мүмкіндік берілмек. Және темекі де қымбаттамақ.

5) Ұлттық банк 7-20-25 бағдарламасын бекітті. Жаңа ипотекалық бағдарлама арқылы кез-келген қазақстандық баспаналы бола алады. Ол үшін қолыңызда пәтер құнының 20 пайызы болса жеткілікті.

6) Қазақстанда кәмелет жасына толған, І-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың ата-аналарына не қамқоршыларына мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Жаңа заң 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап өз күшіне енеді.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать