Техснаб кентіне барар жол жөнделетін болды. Совет үкіметі кезінен асфальт көрмеген автожолға ескі асфальт үгінділері төселеді. Оны мамандар бейсенбі, яғни 21 күні іске асырмақ. Ұзындығы 1 шақырым болатын жолға Ленин көшесінен шыққан ескі асфальтты төсеп, шұңқырларды тегістейді. Осылайша, қарлы-жаңбырлы күндері болатын олқылықты жоймақ. Жұмыстар таңертең басталып, кешке дейін жалғасады. Бір күннің ішінде толық аяқталады деп жоспарлануда.
Нұрболат Бөлеген-ТКШ бөлімінің жетекші міндетін атқарушы
« Техснаб кенті қаланың шалғайында орналасқан.Ол жақта асфальт жабындысы жоқ.Асфальт мүлдем болмаған. Ағымдағы жылдың бейсенбісінде асфальт жабындыларын апаруды қолға аламыз.Жұмыс жасалынатын болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login