Қала әкімі Қоңырат мөлтек ауданындағы құрылыс нысандарының жұмыс барысын тексерді. Александр Аглиулин тозығы жеткен қазандықтардағы жөндеу жұмыстарын көзбен көрді. Көпқабатты екі үйдің бой көтерген қарқынын сынақтан өткізіп, қате жібергендерге ескерту айтты.
Қоңырат мөлтек ауданындағы тексеріс жылу қазандықтарынан басталды.Ондағы жауапты мамандар бүгінгі күнге дейін қазандықтардағы 3 насосты ауыстырып, күл түсетін блокты толық тазартып біткен.Құбырларды сырлаған.Ал енді келесі аптадан бастап шаң сорғыш пен фильтрлердің жаңасын орнатады. Және былтыр кеткен қателіктер қайталанбайды дейді мамандар.
Ержан Әлшеров– «Су Жылу Транс» КМК цех басшысы
« Сентьябрь айының отызы кательныйдың жұмыстарын орнына келтіріп,1 және 3 кательниді текуший ремонттан өткіземіз…трубаларын, дымосостарын, вентиляторларын айырбастаймыз. Және де су дайындайтын фильтр бар соны да биыл 100 пайыз ауыстырып, іске қосылады. Биылғы қыстан жақсы шығамыз деген ойдамыз».
Әкім жылу орталығынан кейін, көпқабатты екі үйдің құрылысымен танысты. 100 жуық пәтері бар нысанның сыртқы жұмыстары аяқталып қалғанына көз жеткізді.Қазір күні құрылысшылар үйдің шатырын толық жауып, бірінші қабаттағы еденге суық өткізбейтін материалды төсеп бітті. Енді есік алдына пандус орнатқан соң, әктеу жұмыстары кіріседі. Бірақта, жылумен бірге өшіп қалатын қоңыратта жылы су мәселесі шешілмегені анықталды.
Осылайша бірнеше сағат ішінде қала әкімі құрылыс алаңдарын көзбен көріп қайтты. Қыркүйекте қазандықтағы жұмыстар аяқталып, екі көпқабатты үйдің пәтер кілттері беріледі деп күтілуде.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login