Еліміздің ең мықты боксшылары Балқашта бас қосты

Шаршы   алаңдағы  бәсеке.   Қазақстан бокс  құрамасы  Балқашта өтетін  халықаралық турнирге  дайындалуда. Биыл алғаш  рет  еліміздің     ең  мықты жасөспірімдері   біздің  өңірде    оқу-жаттығуларын өткізу үшін  бас  қосты.

Балқаштық   Ақыл  Дәулетқали   халықаралық  дәрежедегі спорт  шеберінен  дәріс  алуда.  Биыл 16жастағы  жерлесіміз  6 мемлекеттің  кілең  мықты боксшыларымен жұдырықтаспақ ниетте. Оған қоса, ең  ауыр  яғни 70 келіде  бағын  сынамақ.  Сондықтан  5  жылдық  тәжірибесі  бар  спортшыға  артар  үміт зор.

 Ақыл Дәулетқали-  Балқаш қаласының  спортшысы

«  Дайындық  күніне  екі рет. Дайындалып  жатырмыз. Таңертең  екі сағат, кешке  екі сағат.Ағайлар үміт артып отыр.Қателіктермен жұмыс істеп жатырмыз.Жарысқа  дайынбыз».

Биыл бірінші рет  бокстан Қазақстан құрамасы  оқу-жаттығуларын бірігіп Балқашта өткізуде.  Ол  үшін   Шымкенттен  халықаралық дәрежедегі     спорт  шебері Талғат  Әліпбеков  келді. Бас бапкер   жарысқа  қатысатын  14-16 жас  аралығындағы    отандастарымызға  күніне  екі рет  бокстан сабақ  беріп, спортшылардың   қателіктерімен  жұмыс істеуде.

 Талғат  Әліпбеков-бокстан  халықаралық  дәрежедегі   спорт шебері, бас  бапкер

Күніне  екі рет таңертең 8   жаттығу жасаймыз.Одан кейін сағат 11 жаттығу жасаймыз.Жүгіртеміз,балалардың  кемшіліктерін  көріп  кемшілікпен  жұмыс  жасаймыз.Көбірек  отжимание,турникке  істеміз  сол жиналып өзіне  келеді балалар».

Шаһарда келесі аптада басталатын халықаралық  турнирге   Ресей,  Өзбекстан,  Тәжікстан, Қырғызстан,Монғолия және  Қазақстан   мемлекеттерінен 200-ден аса   боксшылар  келеді  деп  жоспарлануда. Оның  ішінде  15  шақты  спортшы  Балқаш  намысын  қорғайтын  болады.

 Тлеугерей Маканалин- Балқаш  қаласының  бокс федерациясының төрағасы

 Бұл  турнир  өсті.Өйткені  бұл турнирді  орталық  олимпиадалық  орталықтың  директоры Ермахан Ибрагимов қармағына  алды.  Бүгін    балқашқа  Қазақстанның  түпкірінен  ең  мықты ,мықтыларының Қазақстан құрамасын  жіберіп отыр. Жан-жақтан  оңтүстік,  солтүстік, шығыс,  батыстан   спортшылар   Балқашқа  бір жеті бұрын келіп  дайындық жасап  жатыр»

Айта  кетейік,  жасөспірімдер  арасындағы дүбірлі дода  19  маусым   күні   дене шынықтыру  және сауықтыру  кешенінде  сағат 14.00 басталады.Сайыс  маусым айының  23  -іне жалғасады.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать