Балқаш жаңалықтары 13 маусым 2018

1.Балқашта желім иіскейтін балалар саны көбейген. Жыл басынан бері 9 баланың ата-анасы көмек сұрап наркологиялық диспансерге жүгінген.

2. Балқашта жыл басынан бері есірткі тұтынатын 6 адам есепке алынды. Олардың жаман әдетке әуестігі жүргізуші куәлігін алу үшін анализ тапсырғанда анықталған.

3. Ғалымдар Балқаш ақбалығын қайта өсіруді ұсынуда. Балқаш көлінің басты байлығы саналған балықтың жоғалып кетуіне жаңадан әкелінген балықтар себепші болған.

4. Қазақстанда Дональд, Барак, Саддам есімді балалар бар. Соңғы кездері елімізде бүлдіршіндерге саясаткерлердің есімін қою сәнге айналған.

5. Осы аптада күллі әлем халықаралық әкелер күнін тойлайды. Алғаш рет бұл мереке 1910 жылы 19 маусымда АҚШ –та өткізілген. АОсыған орай біз балқаштықтарды сөзге тартып үйдің отағасы, балалардың әкесі қандай болу керек деген сауалмен ел пікірін біліп қайттық.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать