Балқаш жаңалықтары 12 маусым 2018

1. Комбайнға соғылған көлік жүргізушісі палатаға ауыстырылды. Ауыр дене жарақаттарын алып, көк бауыры жарылған, иығы мен жамбас сүйегі сынған 31 жастағы азаматқа ота жасалды.

2. Жезқазғанда қуаттылығы Балқаш нан комбинатынан екі есе артық жаңа нан зауыты іске қосылды. Өндіріс орны тек Жазғазқанды ғана емес Сәтбаев, Қаражал қалаларын және Ұлытау ауданын ыстық нанмен қамтиды.

3. Елімізде алкоголь өнімдеріне лицензия алу жеңілдеді. Енді арақ-шарап сататын кәсіпкерлер рұқсат құжаттың сомасын 4 бөліп төлеуге мүмкіндіктері бар.

4. Балқаштықтар мың айдан қайырлы қадір түнін қарсы алды. Мешітке жиналған жамағат Алладан тілек тілеп, күнәләрінің кешірілуін сұрады. Себебі Қадір түні – Құдайдың құлдарына мейірімін түсіріп, әр пендесінің сұрағанын беретін түн.

5. Балқаштық оқушылар облыстық туристік форумда жеңімпаздар қатарынан көрінді. Бектау-ата баурайындағы Факел лагерінде экспедиция жасақтарының слеті өтті. Үш күнге созылған марафонға 20 команда қатысты.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать