Балқаш маңында жеңіл көлік пен комбайн соқтығысты

Алматы Екатеринбург трассасында жеңіл көлік пен комбайн соқтығысты. 3 адам зардап шекті. Олар қазір орталық ауруханада жансақтау бөлімінде. Жол көлік оқиғасы қаладан 6 шақырым қашықтықта болды. Ішінде 3 жолаушысы бар тайота көлігі Алматыдан шыққан. Ал комбайн Қостанайдан оңтүстік астанаға жол тартқан екен. Егін оратын бір емес 10 шақты техника жолдың шетімен жүріп келе жатқан. Алдын ала болжам бойынша иномарка жүргізушісі қалғып кеткен. Содан қарсы бағытқа шығып, комбайнға соғылған.

Асылбек Әріпбаев – водитель- автокрановщик

«Біз жанар-жағармай бекетіне аялдамашқы болып, жай жүріп келе жатқанбыз. Қарасақ бір көлік қисалаңдап келіп, бірінші комбайнға барып соғылды. Көлікке қатты зақым келді.

Тайотада болған жүргізуші мен екі жолаушы бірден орталық ауруханаға жеткізілді. Қазір реанимацияда жатыр.

Мақсат Нұртазин-Травматология бөлімінің меңгерушісі

Жол апатына түскендер 39,31,33 жаста. Барлығыда  ер адам. Рөлде 31 жастағы азамат болған. Ішінен жабық ауыр жарақат алған.  Көкбауыры жарылған. Ішіне қан кетіп, иығы, жамбас сүйегі сынған. Ал 39 жастағы ер адамның  бет сүйегі қатты зардап шеккен.Қабырғалары сынған. 33 жастағы ер адам бізге түскенде комада болды. Бас сүйегі сынған. Басқада жарақаттары көп. Барлығына операция жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылды.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать