Қорытынды жаңалықтар 8 маусым 2018

1) Жол көлік оқиғасынан мемлекет мүлкіне зақым келді. Кеше Ағыбай батыр көшесіндегі қоршауға тағы да бір көлік соғылды. Жол көлік оқиғасы сағат 8 жарымның кезінде болды.

2) Бүгін 10жыл бойы тоқтап қалған бассейн қайта ашылды. «Ақ теңіз» деп аталатын спорт кешенін жергілікті кәсіпкер 166млн. теңгеге тұрғызды.

3) Тыныштығын бұзған көршісін сотқа берген қала тұрғыны сотта жеңіп шықты. Надежда Короткова жоғары қабаттағы шудан бір жыл бойы ұйықтай алмаған.

4) Қарағанды облысында менингитке байланысты сұрақтарға жауап беретін Call-орталық ашылды. Оған балқаштықтар да қоңырау шалып кеңес ала алады.

5) Қазақстанда жасөспірімдерді мазалайтын сауалдарға жауап беретін арнайы сайт іске қосылды. Портал Ұят емес деп аталады.

6) Биыл шаһарда 5 балабақша және 9 мектеп жөнделеді. Қыркүйек айында дейін білім ордаларының ескі терезелер ауыстырылып, электрсымдары жаңартылады, сыртына қоршау салынады.

7)Ал енді балқаштық ата-аналар үйден шықпай-ақ ҰБТ-дің өту барысын бақылай алады. Басты сынақ өтетін №7 мектепке айпи маркалы 30 камера сатылып алынды.

8) Қалада «Жасыл ел» жастар жасағының маусымдық жұмысы жалғасуда. Ағымдағы жылдың үш айында 45 бала шаһардың көгалдандыруы мен абаттандырылуына ат салысатын болады.

9) Құран әліпбесінен дәріс аламын деуші балқаштық оқушылар қалалық мешітке барса болады. Онда биыл діни сауат ашу курстары жалғасын тапты. Қазіргі күні алғашқы маусымға 90 бала қабылданды.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать