Балқаштық үш жігіт базарда жарапазан айтты. Видео

Балқаштың орталық базарында жарапазан айтылды. Көне дәстүрді жаңғыртқан үш жігіт жұртшылықты Рамазан айымен құттықтап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Қолдарына домбыра, баян және сылдырмақпен ән айтқан жігіттерді куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Онда көріп тұрғандарыңыздай, өнерпаздар базардың ішін аралап балқаштықтарды Рамазан айымен құттықтап, әндетіп жүр. Ал көңілдері көтерілген сатушылар мен тұрғындар азаматтардың өнерлерін бағалап азық-түлік, кейбірі ақшасын берді.

Жарапазан- рамазан айында, кешкі тамақтан таң атқанша айтылатын тұрмыс-салт жыры. Ол елді ораза ұстап, ізгі ниетті болуға насихаттайды. Ал жарапазан айтушыларға ешкім қабақ шытып ренжімейді және оларды құр қол қайтармайды.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать