Балқашта суару жүйесі қашан толық іске қосылады?

Балқашта суару жүйесі неліктен толық іске қосылмаған. Бұл сұраққа бүгін коммуналшылар жауап берді. Мамандардың айтуынша, қаланың сол жақ қанатындағы ағаш-талдарға 1мамырдан бастап су жіберілген. Ал оң жағы қурап тұр.Себебі, онда қазіргі күні жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, қалада суару жүйесін тексеру жұмыстары сәуір айында жүргізілді. Онда коммуналшылар магистрльді жүйені толық тексеріп, тесіліп қалған 80 құбыр апатын анықтады. Бүгінде оның жартысы жойылып, қаланың сол жақ қанатына су берілді. Сәйкесінше, қазіргі күні орталық саябақ пен Уәлиханов, Қазбекова, Желтоқсан,64 орамда өсімдіктер суарылуда. Онда күніне сағат 3-тен бастап кешкі 8-ге дейін су жіберіліп тұрады.

Виталий Матюшкин- «Балқаш Су» КМК өндірістік техникалық бөлім басшысы:«Ағаштарды суару жүйесі кестеге сәйкес жүргізіледі.Дүйсенбі күні профилкатикалық жұмыстар жасалып, сейсенбі, бейсенбі , сенбі күндері қаланың сол жақ қанаты суарылады. Ал оң жағындағы талдарға аптаның басқа күндерінде су жіберіледі ».

Ал шаһардың оң жағындағы суару жүйесін іске қосу үшін коммуналшылар соңғы апатты жөндеп жатыр. Аурухана маңында жарылған ескі құбырдың 1 метрін жаңасына ауыстыруда. Содан соң, ертеңнен бастап 17 орам жақтағы суару жүйесі іске қосылады дейді мамандар.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать