Әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізімі қысқармақ

Қант диабеті, сал ауруы секілді ауыр дертке шалдыққан қазақстандықтарға енді тегін медициналық көмек көрсетілмеуі мүмкін. Денсаулық сақтау министірлігі әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізімін қысқартпақ. Бұл жаңалық қаламыздағы «Үлкен Жүрек» қоғамдық бірлестігіне ауыр тиді. Себебі «Ботажан» оңалту орталығына 70 тен аса мүмкіндігі шектеулі жан келіп ем қабылдаса, соның тең жартысы сал ауруына шалдыққан балалар. Егер бұл дертпен ауратындарға мемлекет қолдау көрсетуді доғарса онда дәрі-дәрмекті, жөргек, қоларба секілді керекті заттарды ата-аналар бұрынғыдай тегін емес өз қаражатына сатып алады. Тіпті мүгедектігіне байланысты балаға төленетін жәрдемақыдан да қағылады.

Людмила Денисова-«Үлкен Жүрек» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:«Егер мемлекет мүмкіндігі шектеулі жандарды тегін көмектен айырса онда көп ата-ана үшін бұл өте ауыр жүк болады. Тіпті кейбірі жағдайы жоқтықтан балаға қараудан бас тартуы мүмкін. Шыны керек қазір көбісі оларға жәрдемақысына бола қарап отыр. Егер ол қаржыдан айырса онда жарым жандардың ешкімге қажеті болмайды».

Денсаулық сақтау министірлігі тегін медициналық көмек көрсетілетін 13 дерттің ішінен тек 4 аурудың түрін қалдырмақ. Олар:ВИЧ, қатерлі ісік, психикалық ауытқу және мінез-құлықтың бұзылуы. Ал созылмалы вирустық геппатит, қант диабеті, балалар сал ауруы, асқынған миокард инфарктысы , ревматизм, орфандық аурулар және жүйке жүйесінің аурулары әлеуметтік маңызы бар дерттер тізімнен алынып тасталмақ. Қазіргі таңда бұл жоба егов кз порталында халық талқылауына салынған.Елдің пікірін жинау 6 маусымға дейін жалғасады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать