Елімізде 1 шілдеден бастап зейнетақы жаңаша форматпен есептеледі. Соған байланысты енді әрбір қазақстандықтың еңбек өтілі ескеріледі. Мысалы 30 жылдан көп жұмыс істегендерге ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызы төленеді. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің мәліметінше қазір елімізде базалық зейнетақы алатын 2млн 148 мың зейнеткер бар. Соның 940 мыңының еңбек өтілі 30 жылдан асқан. Енді олар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын алатын болады. Нақтырақ айтсақ оларға базалық зейнетақы ретінде 28 284 теңге төленеді. Ал 931 мың адам осы соманың 74 тен 90 пайызына дейін алады. Яғни олар 30 жылдан аз жұмыс істегендер. Тек 120 мың зейнеткерге күнкөріс деңгейінің 54 проценті яғни 15 мың 274 теңге төленеді. Себебі бұл азаматтардың еңбек өтілі 10 жылдан кем.
2018 ж 1 шілдесінен бастап зейнетақы төлеу еңбек өтілі бойынша есептеледі
Еліміздегі зейнеткерлер саны
2 млн 148 мың
940 мың адам 931мың адам 120мың адам
100% 74-90 % 54%
28 284 тг 20 930тг-25455тг 15 274тг
еңбек өтілі 30ж еңбек өтілі 30ж кем еңбек өтілі 10ж кем
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login