Біреудің кесірі көпке тиді.Жұма күні қаладағы белгісіз бір кәсіпорын жылу электр станциясы маңында құрылыс жұмыстарын жүргізіп, балқаштықтарды жарықсыз қалдырды. Олар жерді қазғанда электр сымдарын қиып кеткен. Салдарынан қалада жарық үш рет өшіп, қосылды. Абырой болғанда ешқандай техника жанып кетпеді. Анықталғандай, ол мекеме жерді қазуға ешқандай рұқсат алмаған. Ол туралы жарық өшіп, шағым түскенде ғана белгілі болды. Қазіргі күні бұл ақауды Балқашэнерго мекемес3 қалыпқа келтіріп жатыр. Бұқара жарықсыз қалмас үшін №3 насостық станциясынан қордағы электр таратылуда.
Юрий Снегуров – «Балхаш Энерго» КМК бас инженері
«Қазіргі күні біз зақым келіп, қиылып қалған сымды қалыпқа келтірдік. Басқа да жерден шыққан мәселелерді жөндеп жатырмыз. Тұрғындарға жарық толық берілуде. Тиісті құжаттарды дайындап, рұқсатсыз жұмыс істеген мекемені анықтаудамыз.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login