Балқаштық кұтқарушылар көлде шомылуға әлі ерте екенін ескертеді

Жаз келіп, суға түсу мерзімі басталғанымен кұтқарушылар көлде шомылуға әлі ерте екенін ескертеді. Тұрғындар күн райының жылынып, су температурасының көтерілуін күтулері қажет. Әйтпесе денсаулықтарына зиян келуі мүмкін. Қазіргі таңда көл суы +16 градус. ал шомылу қауіпсіз болу үшін оның температурасы үшін +18 жетуі қажет. Оның өзінде ереже бойынша көлде 5-6мин қана шомылып кейін күнге қыздырынып алу керек. Себебі адам суда көп жүрсе тоңып, суық тиіп қалуы мүмкін. Ал 20 градус болғанда  10-12 минутқа дейін, 20 дан асқан жағдайда 15-20 мин бойы көлде жүрсе болады. Тек судың ғана емес ауа температурасы да маңызды. Шомылу зиянды болмау үшін сынап бағанасы +20 градустан асуы тиіс.

Игорь Метельский-судан құтқару бөлімшесінің бас құтқарушы

«Көлге түскенде қауіпсіздікті де ұмыптау керек.Балалар үнемі ата-анасының жанында болуы тиіс. Ал суға түскенде алдымен денеге су шашып оны суыққа үйрету қажет. Бірден күмп берсеңіздер, жүрегі ауратын адамдарда талмасы ұстауы мүмкін.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать