Қоңыратта құрылыс қарқынды түрде жүргізілуде. Қазіргі күні онда көпқабатты екі үйдің жұмыстары 40 пайызға аяқталды. Жолдардың ескі асфальт үгінділері алынып, электр сымдары тартылды. Бұл туралы әкімнің басшылығымен өткен кездесуде белгілі болды. Биылғы жоспарға сәйкес Қоңырат мөлтек ауданында 163 млн. теңгеге Русаков пен Горняцкий көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі күні жолдардағы ескі асфальттар алынып, жаңасын төсеуге дайын тұр. Онда келесі аптадан бастап тратуарлар салынатын болады. Сонымен қатар, бүгінде жол бойындағы 37 электр бағанасы жаңасына ауыстырылып, жарық үнемдегіш шамдармен іске қосылды. Ал 96 пәтерлі екі үйдің құрлысы 40 пайызға аяқталды. Терезе мен есіктер,шатырлар салынып, тоқ көзі тартылды. Су жүйелері іске қосылды.Енді құрылысшылар ғимараттың ішкі жұмыстарын жасауда.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login