Балқаштықтар сауда жасап жүріп медициналық тексерістен өтті

Бүгін балқаштықтар сауда жасап жүріп медициналық тексерістен өтті. Ақ халттылар дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орай қаладағы сауда орындарының бірінде денсаулық акциясын ұйымдастырды. Дәрігерлер таңғы 10-нан бастап балқаштықтардың қан қысымын өлшеп, қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтады. Сонымен бірге бой мен салмақтың сәйкестігінде тексерді. Тестен өзге тұрғындар психологтан, валеологтан және медициналық әлеуметтік қызметкерлерден тегін кеңес алды. Ал денсаулық орталығының еріктілері халыққа ақпараттық    кітапшалар таратты. Үш сағаттың ішінде дәрігерлер 60 адамды тексерістен өткізді. Соның ішінде 16 адамда қан қысымы жоғары болған.

Гаухар Смағулова – Балқаш қаласының салауатты өмір салты орталығының маманы:«Акция кезінде жоғары қан қысымы анықталса, қанында холестерин немесе қант мөлшері коп болса, біз ол адамдарды учаскелік дәрігерге жолдаймыз. Әрі қарай денсаулықтарын қадағалауға аламыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать