Балқаштықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Кеңес Одағы тұсында коммунистердің солақай саясаты салдарынан миллиондаған адам жазықсыз жапа шекті. Бүгін балқаштықтар Шашубай кентіне барар жолда орналасқан Белгінің басына жиналып, сол зұлмат жылдары қаза тапқан жандардың рухына тағзым етті.

Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш маңы өткен жылы вандалдардың қолынан зардап шеккен болатын. Содан биыл қайта аббаттандырылды. Брюсшатка төселген 100 шаршы метр аумағы 400ге дейін ұлғайып, күннен қуат алатын жарық бағаналары орнатылды. Сәкілер мен қоқыс жәшіктері қойылды. Ал мұның барлығы қоғамдық кеңес мүшелерінің, депутаттардың, кәсіпкерлердің және қарапайым халықтың көмегімен жүзеге асырылды.

Берік Алипов-қалалық маслихаттың депутаты
«Біздің қалада союз предпринимателей промышленников бар, соның базасында фон ашылған. Сол фондтта бүкіл халық, бүкіл предприятия, бүкіл балқаштықтар ақша жинап, 2 аптаның ішіне осындай жұмыс жасалды.

1930-1933 жылдары аштықтың салдарынан 2 млн аса адам қаза тапты. Бұл аз болғандай 1937-1938 жылдары халық жауы деген жаламен 130 мыңнан астам қазақ қуғын-сүргінге ұшырады, оның 25 мыңы оққа ұшты. Бүгін балқаштықтар сол солақай саясаттың құрбаны болған жандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.

Одан кейін қала халқы Бөкейханов көшесінің бойындағы репрессия құрбандарына арналған ескерткіш маңына жиналды. Жазықсыз жапа шеккен ата-баба рухына тағзым етті.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать