Балқашта ойын автоматынан 170 000 теңге ұрлаған қарақшылар ұсталды

Балқашта ойын автоматынан 170мың теңге ұрлаған қарақшылар қолға түсті. Құрықталған үш күдікті Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Шабуыл кеше қаладағы дүкендердің бірінде болды. Күндіз үш жігіт сауда орталығына кіріп, ойын аппараттарын шұқылай бастаған. Кейін ақша тұратын жерін сындырып, ішінен 170мың теңгені ала қашқан. Ал оны 44 жастағы сатушы көріп, бірден ішкі істер бөліміне хабарлапты. Және жарты сағаттан кейін 3 қарақшы тас жолда көліктерімен ұсталды. Оларға қатысты «қарақшылық»бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Айта кетейік, 24 пен 30жас аралығындағы күдіктілер Алматы қаласының тумалары.

Жанатай Сембеков, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу жалғасуда».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать