Балқаш жаңалықтары 2 3 мамыр 2018

1) Желдің салдары. Табиғи құбылыстан қалаға шығын келді. Желдің күштілігінен Иванов көшесіндегі электр бағанасы құлап, істен шықты.

2) Ал бүгін Балқашта желдің жылдамдығы 15-20 метр секундтқа дейін жетті. Алайда, бұл тек бір күндік құбылыс. Яғни, ертең күн шайдай ашылады деп болжап отыр мамандар.

3) Бүгін Балқашта донор күні өтті. Қарағандыдағы облыстық қан орталығынан мамандар келіп, ниет білдірген тұрғындардан қан алды. Деседе бәрі бірдей донор бола алмайды.

4) Жыл басынан бері Қазақстанда 4 бала поезд астына түскен. Ең кішісі 2 жаста. Соңғы оқиға өткен аптада Қарағандыда болды. 11 сынып оқушысы қаза тапты. Осы жайтты ескерген Балқаш бекетінің және локаматив депосының мамандары бүгін оқушыларға теміржолдан қалай дұрыс өту керектігін түсіндірді.

5) Биылғы оқу жылының аяқталуына 2 күн уақыт қалды. Одан кейін 11- сынып оқушыларының болашағын айқындығын сынақтар күтіп тұр. Биыл қала бойынша мектеп түлектерінің саны — 329. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 65 балаға көп.

6) Қазақстанда бастау алған спорттық челендж, яғни эстафета Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауына ие болды. Президент салауатты өмір салтын насихаттайтын акцияға отандастарымызды белсене қатысуға шақырды. Бұқара арасында кең тараған эстафетаны балқаштықтар қалай қабыл алмақ?

7) №8 мектептегі кадет сыныптары әскерилер қолданатын жабдықтармен танысты. Химиялық қауіптен қорғайтын құрылғыларды көріп, олардың көмегімен заттардың улылығын қалай анықтау керектігін білді.

8) Осы аптада бүкіл әлем халықаралық көршілер күнін атап өтеді. Бұл мереке бір үйде, бір көшеде тұратын адамдарды жақындастыру масқатымен осыдан 18 жыл бұрын Францияда бастау алған. Ал балқаштықтар көршілерімен қандай қарым-қатынаста?

9) Балқаштық каратэшілер облыстық чемпионатта үздік атанды. Жерлестеріміз командалық есепте Қарағанды, Теміртау қалаларын артта қалдырып бірінші орын алды. Каратэ-до шотаканнан өткен сайыс ұл мен қыздар арасында ұйымдастырылды.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать