Балқаштықтар республикалық «Street Workout» эстафетасына қатысады

Қазақстанда бастау алған спорттық челендж, яғни эстафета Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауына ие болды. Президент салауатты өмір салтын насихаттайтын акцияға отандастарымызды белсене қатысуға шақырды.

«Street Workout» эстафетасын Мәдениет және спорт министрі бастады. Арыстанбек Мұхамедиұлы бірінші болып турникке өзі тартылып, тізгінді шоу-бизнес пен спорт саласының мамандарына жолдады. Ал оны қабыл алғандар физикалық формасын көрсетіп, 500 мың теңге ұтып ала алады. Оған қоса, жеңімпаз атанған аймаққа спорт алаңы тұрғызылады. Ол үшін эстафетаны видеоға түсіріп, street-workout.kz сайтына жолдау керек. Және 15 маусымға дейін көп лүпіл жинау қажет.

Арыстанбек Мұхамедиұлы – ҚР Мәдениет және спорт министрі:«StreetWorkout спорты үшін Қазақстанда барлық жағдай жасалған. Түрлі алаңдар тұрғызылған.Сондықтан, аталмыш спорттық байқауға барлық бұқараны қатысуға шақырамын».

Жамағатты бұқаралық спортқа тартуға бағытталған жобаны Елбасы қолдап, халыққа бейне үндеу жіберді.Тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.Ал балқаштықтар аталмыш акцияға қатысуға дайындық үстінде. Жерлестеріміз 25 мамыр күні кешкі сағат 17.30 мәдениет сарайы қасында орналасқан StreetWorkout алаңына жиналмақшы.Және оған кез-келген қала тұрғыны қатыса алады.

Алексей Ногай – пауэрлифтер::«Дені сау ұрпақ- дені сау халық. Әрине, мұндай акциялардың болғаны жақсы. Ел арасында қызығушылықтың артуы қуантады. Сондықтан қолдау білдіреміз. Эстафетаны жалғастыратын боламыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать