Балқаштық ұландар әскери жабдықтармен танысты

Әскери өмірдің бір күні! №8 мектептегі кадет сыныптары әскерилер қолданатын жабдықтармен  танысты. Химиялық қауіптен қорғайтын құрылғыларды көріп, олардың көмегімен заттардың улылығын қалай анықтау керектігін білді.

Бұл жерде химиялық қауіптерден қорғайтын жабдықтар қойылған. Мысалы мына қобдиша әскери химиялық барлау құрылғысы деп аталады Оның көмегімен түрлі заттардың улылығын анықтауға болады. Ал бұл шағын қораптың ішінде адамды бактериялық қарудан,  радиацияның зиянынан сақтайтын дәрілер бар.

Ростислав Назаров-«Әскер» патриоттық клубының тәлімгері

« Егер бактериялық қару қолданылған болса, онда флаконның ішіндегі дәріні ішіп жақын маңдағы медициналық пунктке аман-есен жетуге болады. Мұнда флакондардың түсі мен пішіні әдейі әр түрлі етіп жасалған. Яғни қолмен сезу арқылы түнде де таба алуға болады.

Одан кейін жас ұландар морзе әліппесімен танысып, жасырын кодттар арқылы қалай хабарландыру жіберу керектігін көрді. Байланыс орнатуға арналған басқада құралдармен танысты. Деседе, ішіндегі ең сенімдісі ол мына қарапайым телефон. Ұялы байланыс жоғалып, рацияның батареясы отырған жағдайда көмекке келеді.

Виктор Корольков-«Әскер»  патриоттық клубының  баспасөз жетекшісі

«Бұл телефон 1957 жылы шығарылған. Қазір әскерде мұның жаңартылған түрі қолданылады. Оны көбінесе байланыс жоғалғанда қолданады. Сымға жағласа болғаны, ауа-райына қарамастан жұмыс істей береді.

Сіріңкесіз отты қалай жағу керек, жорықа шыққанда өзіңмен бірге не алу қажет? Мұның барлығын кадет сыныбының оқушыларына «Әскер»патриоттық клубының  тәлімгерлері түсіндірді. Мұндай кездесулер ай сайын ұйымдастырылып тұрады.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать