Балқаштық оқушылар мергендіктерін, жылдамдықтарын және күштерін сынауда

Бүгін мектеп оқушылары Президенттік көпсайыс тапсыруды бастады. Екі күні бойы  олар өзара ең жылдам, ең күшті және ең шапшаң қатысушыларды анықтайды. Бүгін пневматикалық қарудан оқ атып, ұзындыққа секірді. Қашықтыққа кішілері доп, ал үлкендері граната лақтырып күштерін сынады.

Юлиана Ливитская көпсайыстың бірінші кезеңіне дайындалу үстінде. Ереже бойынша 11 сынып оқушысы берілген 6 оқты екі-екіден 3 нысанаға тигізуі керек. Егер көрсеткіші жақсы болса, өзі оқитын №17 мектеп-лицей командасының нәтижесін жақсартады. Өзі де жекелей есепте жүлделі орынға ілігуі мүмкін.

Юлиана Ливитская-№17 мектеп-лицейінің оқушысы

«7ші сыныптан бері пневматикалық қарудан оқ атып келемін. Міне биыл 5ші жыл осы көпсайысқа қатысып отырмын. Қарудан оқ ату оңай емес. Қол дірілдемей, нысананы дұрыс көздеу керек. Ал ол үшін көп жаттығу керек.

Екінші сайыста қатысушылар ұзындыққа секірді. Мұнда 3 мүмкіндік берілген. Ең жақсы көрсеткіш есепке алынады. Бүгін Президенттік көпсайысты 16 мектеп тапсырды. Әр білім ордасынан спортқа жақын 12 бала таңдалған.

Айдархан Отарбаев-№8 мектептің дене шынықтыру мұғалімі

« Оның алтауы ұл бала, 6 қыз бала болып есептеледі. Яғни  5-11 сыныпқа дейін. Физикалық дайындығы мықты, жақсы, дайындалған балалар қатыстырылады.

Одан кейін оқушылар күштерін сынады. Мұнда жасына қарай кіші және орта топ қашықтыққа доп лақтырса, ересектер гранатаны алысқа көздеді. Мұнда да  әрқайсына 3 мүмкіндік берілген. Көпсайыс ертеңде жалғасын табады. Енді қатысушылар жеңіл атлетикадан өз мүмкіндіктерін сынайды. Уақытқа 60,100 метрге және 1, 2, 3 шақырымға жүгіреді. Соңында барлық сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать