Балқашта заңсыз балық ауламақ болғандар ұсталды

Балқашта заңсыз балық аулаудың жолы кесілді. Тыйым салынған уақыт аралығында балық ауламақ болған 8 адамға 192 мың теңге айыппұл салынды. Яғни, әрқайсысы қазынаға 24 мың теңгеден өтейтін болды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдар Шұбартөбек кентінде нәпақа таппақ болған. Сонда барып қармақтарын суға салып, жайбырақат отырған жерлерінде құрықталды. Олар балық аулап үлгермеседе, жазаға тартылды. Әрқайсысына 24 000 теңге айыппұл салынды. Еске сала кетейік, 15 сәуірден бастап 31 мамырға дейін Балқаш көлінде мүлдем балық аулауға болмайды. Себебі, 46 күннің ішінде балықтар уылдырық шашып, ұрықтану процессін іске асырады.

 Нұрлан Бекмұрзаев – Желілік полиция бөлімшесінің басшысы
«Бүгінгі күнге дейін 8 әкімшілік хаттама толтырылды.Салынған айыппұл 24 000 теңгеден.Адам басына.0146 Желілік полиция қызметкерлері қазіргі күні тексеріс жұмыстарын жасап жатыр.Олар балқаштан Приозерск қаласына дейін бір жақ беті, екінші жақ беті Балқаш қаласынан Ақжайдақ,Ащыөзек станциясына дейін».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать