Балқашта 80 жастағы зейнеткер құтқарылды

Сенбі күні зейнеткер өлім аузынан аман қалды. Төтенше жағдай қызметкерлері бір тәулікке жуық есік ашпаған 80 жастағы әжейді құтқарды. Мамандарға дабыл зейнеткердің қызынан түскен.Баласы анасының бірнеше сағат бойы есік ашпай, қоңырауға жауап бермегенін айтқан.Ал оны естіген құтқарушылар 6- қабатта тұратын әжейдің үйіне терезе арқылы кіріп,қол ұштарын созды. Кейін анықталғандай зейнеткердің денсаулығы нашарлап жерге құлап қалған көрінеді. Содан өзі тұра алмай жатқан.

Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Біз пәтерге сатымен, терезе арқылы кірдік. Зейнеткер ауырып қалып, еденге құлап қалған. Содан өз бетінше тұра алмай, қоңырауларға жауап бермеген».

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать