Бүгін барша мұсылман жамағаты қадыр тұтқан Рамазан айы басталды. Шапағаты мен шарапаты мол айда мұсылман қауымы ауыз бекітіп, сауап алуға тырысады. Ал биылғы ораза 29 күнге ұласып,14 маусым күні аяқталады. Және 15 күні ораза айттың таңғы намазы оқылады.
Ораза тұту-игі мұсылман қауымының бес парызының бірі. Оны үш жылдан бері намазға жығылып, жыл сайын ауызын бекітетін 23 жастағы Дархан Түменбай жақсы түседі. Оған қоса, қазіргі күні болашақ имам алматылық Ислам университетінде білімін жетілдіру үстінде.Және де бос уақытында балқаштық бүлдіршіндерге араб әріпі мен құранды үйретуге ат салысып жүр.
Дархан Түменбай – қала тұрғыны
« Рамазан айын әрине біз асыға күтеміз.Бұл ай біз үшін үлкен мүмкіндік.Кешірім айы.Бұл айды мұсылман үмбеті армандайды.Бір жыл болса екен, бір жылға созылса екен деп. Рамазанда қыналып қалмас үшін уақытты тиімді пайдалану керек.Түнде тұрғанда сәресінде дұрыс тамақтану керек» .
Иә,шайтандар кісенделіп, тозақтың есігі жабылып, жаннаттың қақпасы ашылатын ораза кезінде мейілінше барша мұсылман ауыз бекітуі керек.Оразаны тек сырқат адамдар мен жолға шыққандардың ұстамауына болады. Кейін олар діттеген жеріне барған соң қарыздарын өтеуі тиіс.Ал жүкті келіншектер мен бала емізетін аналарға ауыз бекітпеуге шариғатта рұқсат етілген.Яғни, олар бұл сауапқа дастархан жайып,ауызашар беру арқылы кенелуге мүмкіндіктері бар.
Оралбай Ермахан – қалалық мешіттің наиб имамы:
« Қазір кестелер таратылып жатыр.Біз кестеде таңның ату уақытын көрсетеміз. Сол таңның атуына 10 минут уақыт қалғанда ішіп-жеп болсаңыз нұр үстінен нұр болады. Ал енді күннің батуында ауыз ашылады. Күннің батуы біздің кестеде көрсетіледі. Бірақ екеуі ақшам намазымен бірге келеді».
Мұсылман үшін 12 айдың сұлтаны болып саналатын қасиетті ай 14 маусымға дейін жалғасады. Содан кейін ұлық мереке Ораза айт басталады. Үш күн бойы жамағат туған-туыстарын, көрші-қолаңды аралап айтшылайды. Алайда,оған дейін садақа берілуі тиіс. Биыл оның көлемі 300 теңге. Айта кетейік, жылдағы дәстүр бойынша тарауаиық намазына барамын деушілер үшін қала ішінде кешкі 10-нан бастап тегін автобус жүреді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login