Балқашта мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті. Екі күні бойы 20-ға жуық мемлекеттік мекеме мамандары тұрғындарды бір уақытта, бір мезгілде қабылдап, бұқараның сұрақтарына жауап берді.
Мәдениет сарайында ұйымдастырылған жәрмеңкеге бірінші болып келген жанның бірі Айғаным Тағанова. Жас ана 4 жастағы баласын келешекте мектепке беру үшін білім бөлімінің маманымен кеңеспекші. Өйткені, ұлына ұнайтын мектеп тұрғылықты мекен-жайымен сәйкес келмейтін көрінеді.
Айғаным Тағанова-қала тұрғыны
«Балам 15мектептің балабақшаға барушы еді. Жақын арада бітіреміз.Балабақшадан кейін балам 15 мектепке барсадеп едім. Алайда, тұрғылықты мекен жайы келмейді. Ол кісілер қанағаттанарлықтай жауап берді. Кабинеттерге барып, кезекте тұрмайтын болдым. Керек сұрағымды шештім».
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін жасалған шараға білім, еңбек, денсаулық сақтау, жер қатынастары, кәсіпкерлік бөлімі секілді 20-ға жуық мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. Әрбірі тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беру үшін 3 сағаттан 2 күн бойы жұмыстан тыс қабылдау жүргізді. Сондай-ақ жәрмеңкеге келушілерге халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары үйден шықпай, электронды қызмет алудың жолдарын үйретті. Және де көбісі кезектен тыс сандық қолтаңбаны рәсімдеп алды.
Саадат Ескенов- Балқаш қалалық әкімі аппаратының жетекшісі
« Әрине, мемлекеттік мекемелерге өте көп адамдар, тұрғындар келеді. Енді сол үшінде тұрғындар кезекте тұрмас үшін осы жәрмеңкені ұйымдастырып отырмыз. Енді мұндай жәрмеңкені маусымда бір рет ұйымдастырамыз.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login