1.Заңсыз темекі сатқан балқаштық кәсіпкерге 250 мың теңге айыппұл салынды. Бизнесмен акциздік маркасы жоқ шылымды саудаға қойған.
2. Салықты төлемей жүрген балқаштықтар мемлекетке 8 млн теңгеден артық ақша қарыз. Оның ішінде 2 мың тұрғын транспорт ,370-і мүлік салығын уақытылы өтемегендер. Енді олар 1 маусымға дейін қарыздарын төлемесе іс сотқа жөнеледі.
3. Енді салық басқармасында әр аптаның бейсенбісінде ашық есік күні өтеді. Мамандар заңнамаға енген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірмек.
4. Жастар жаңа әліпбиді қолдайды. Осындай үндеумен бүгін балқаштық студенттер қалалық форум өткізді. Балқаш гуманитарлы –техникалық колледж ғимаратында ойларын ортаға салып, тарихты жаңғыртуға дайын екендіктерін көрсетті.
5. Биыл ҰБТ-дан өтпей қалғандар бір емес екі рет оны қайта тапсыра алады. Осы және өзгеде өзгерістер жайлы жалпы ұлттық ата-аналар жиналысында айтылды.
6. Балқашта донор күні өтеді. Облыстық қан орталығының мамандары 23 -мамыр күні Балқашқа келмек. Донорларды қабылдау орталық ауруханада таңғы сағат 9:00 дан бастап кешкі 17:00 дейін жүргізіледі.
7. Шаһарда әуе рейсі іске қосылды. Енді Балқаштан Алматыға, Алматыдан Балқашқа ұшақпен ұшып баруға болады. Әуе көлігі мамыр айының кестесіне сәйкес аптасына екі рет қатынайды.
8. 18 мамыр – халықаралық мұражай күні. Айтулы мереке 1977 жылы Мәскеуден бастау алған деседі. Ал бүгін де елімізде 170 өлкетану орталығы жұмыс істеп тұр.
9. Балқаштық биші халықаралық байқауда жеңіске жетті. Өнерпаздар сайысы Түрік елінің Анталия қаласында өтті. Онда 200 ге жуық қатысушы вокал, театр жанры, аспапта ойнау және биден өзара жарысқа түсті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login