Салық басқармасында ашық есік күні өтеді

Енді салық басқармасында әр аптаның бейсенбісінде ашық есік күні өтеді. Мамандар заңнамаға енген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірмек. Алғашқы шара ертең басталады. Салықшыларға қояр қандай да бір сауалдарыңыз болса, кеңес қажет десеңіз онда Ленин көшесі 45″А» мекен жайында орналасқан салық басқармасына жүгіне аласыздар. Бұл күні ондағы барлық кабинеттер мен мамандар тұрғындарға қызмет көрсетеді. Салық заңнамасына енген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты сауалдарға жауап беру таңғы сағат 9:00  бастан кешкі 18:00 дейін жүргізіледі. Мұндай ашық есік күні әр аптаның бейсенбісінде ұйымдастырылады.

Нияз Жақсыгелдин-Салық басқармасының жетекші маманы:«Осыған орай салық төлеушілер өздерінің көкейлерінде жүрген барлық сұрақтарды, ҚР салық және мемлекеттік төлемдер бойынша салық кодексіне байланысты сұрақтарын қойып, біздің мамандардан сапалы және тиянақты жауап алуға болады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать