Балқашта жыл сайынғы дәстүрмен «Жасыл ел» еңбек жасағына құжаттарды қабылдау басталды. Оған 16 жастан асқан оқушылар мен студенттер және 29 жасқа дейінгі қала тұрғындары қатыса алады. Олар үш айға 15 адамнан бөлініп, қаланы абаттандыру мен көгалдандыру шарасына жұмылдырылады. 6 сағат жұмыс жасап, 60 мың теңге көлемінде еңбек ақыларын алады.Ол үшін республикалық және жергілікті бюджеттен арнайы қаржы бөлінді. Айта кетейік, «Жасыл ел» жасақтары 1 маусымда жұмысқа кіріседі.
Расул Касенхан – Жастар ресурстық орталығының директоры
«Құжаттарды жастар ресурстық орталығына әкеліп, ақпараттарды 4-47-11 телефон нөмірінен алуға болады. Биыл 2018 жылы үш отряд болады. Жаздың үш айы, әрбірінде 15 баладан. Жалпы 2018 жылы 45 бала қатыса алады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login