Балқаш жаңалықтары 14 мамыр 2018

Балқаштық дәрігерлер пышақсыз қуықасты безін алып тастауды үйренуде. Бүгін облыстың бас урологы келіп, балқаштықтарға шеберлік сағатын өткізді.

Коммуналшылар балқаштықтарға суды бойлермен жылытуға кеңес берді. Себебі тұрғындар ыстық судың мүлдем қызбайтынын айтып шағым түсіре бастаған.

Балқаштықтар Степногорск қаласынан бастау алған «бір адам-бір ағаш» атты эстафета тізгінін қабыл алды. Жерлестеріміз қаланы көгалдандыру акциясы аясында 50 түп көшет отырғызды.

16 мамыр күні шаһарда мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі ұйымдастырылады.Шара мәдениет сарайында сағат 3 пен 6-ның аралығында өтеді. Осы үш сағатта сіздер үшін барлық мемлекеттік мекеменің мамандары қызмет көрсетуге әзір.

Қаламыздағы ескерткіштерде QR-код пайда болды. Енді кез-келген адам смартфонның көмегімен мәдени мұралар туралы ақпаратты біле алады.

Рамазан кестесі өзгерді. Қазақтан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, биылғы ораза 16 мамырдан емес 17-нен басталатын болды.Өйткені, мұсылман жұртшылығы рамазаннан бұрын болатын шағбан айының жиырма тоғызыншы күні кешке жаңа айдың, яғни рамазанның тууын күтулері керек.

Демалыс күндері Балқашта Номад ММА жасөспірімдер арасында Қазақстан Чемпионаты өтті. 2 күнге созылған жарыста Қазақстанның 10 қаласы бас қосты. Ұлдар мен қыздар Азия Чемпионатына жолдама алу үшін барларын салды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать