Рамазан кестесі өзгерді. Қазақтан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, биылғы ораза 16 мамырдан емес 17-нен басталатын болды.Өйткені, мұсылман жұртшылығы рамазаннан бұрын болатын шағбан айының жиырма тоғызыншы күні кешке жаңа айдың, яғни рамазанның тууын күтулері керек. Соған сәйкес, ораза басталады. Сондықтан, биылғы рамазан айы 17 мамыр мен 14 маусым аралығында өтеді. 15-і күні Ораза айт басталады. Ал Балқашта алғашқы тарауық намаз мамырдың 16 күні кешкі сағат 22:00 оқылады. Намазға дейін уағыздар айтылады. Ол үшін Түрік елінен арнайы қари келеді деп күтілуде. Айта кетейік, маусымның 11-нен 12-не қараған түнінде Қадір түні кіреді. Және де биылғы пітір садақа құны 300 теңгені құрайды.
Асылхан Түсүпбеков- қалалық мешіттің наиб имамы
«Бас мүфтидің шешімімен биылғы ораза 17 мамыр күні басталып, 14 маусым күні аяқталады. Тарауық намаз 16 күні кешкі сағат 22.00 басталады. Түрік елінен қари келеді».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login