Балқашта Номад ММА жасөспірімдер арасында Қазақстан Чемпионаты өтті

Демалыс күндері Балқашта Номад ММА жасөспірімдер арасында Қазақстан Чемпионаты өтті. 2 күнге созылған жарыста Қазақстанның 10 қаласы бас қосты. Ұлдар мен қыздар Азия Чемпионатына жолдама алу үшін барларын салды.

Көк формадағы спортшы 10 жастағы Айсана Аленова. Ақсулық қыз 2 жекпе-жекте жеңіске жетіп, финалға шықты. Бүгінгі қарсыласы балқаштық. Қызыл формадағы жерлесіміз берден шабуыл жасауға көшкенімен, Айсана оған төтеп беріп, тіпті бір рет нокдаунға жіберді. Кейін білдік, жеңіске жетелеген әкесінің уәдесі екен.

Айсана Аленова –«Номад ММА»  чемпионатының жеңімпазы

« Маған әкем айтақан, егерде бірінші орын алсаң мен саған бір нәрсе әперемін деп. Алғашқы чемпионатым, өте қуаныштымын. Өзім жылағым келіп кетті.

Екі күні бойы 8 бен 15 жас аралығындағы жасөспірім қыздар мен ұлдар Номад ММА мықтыларды анықтады. Жылда Балқашта өтетін чемпионатқа биыл Алматы, Қостанай, Көкшетау, Ақтөбе, Тараз секілді қалалардан 10 команда келген. Жалпы қатысушылардың саны 250 ге жуық. Көбісі үшін бұл алғашқы чемпионат.

Хаджмурат Яндиев- –«Номад ММА»  чемпионатының жеңімпазы

«4 жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңіп шықтым. Осы спорт түрімен айналысқаныма быр жыл болды. Көкшетаудан келдім. Бұл менің алғашқы жарысым. Жеңіске жеткенімен өте қуанып тұрмын.

Номад ММА ұлттық спорт болып табылады. Қарағандылық Сергей Ан аралас жекпе-жектің өз стилін құрып, негізін қалады. Қазір Номадты Кореяда, Қытайда және бүкіл дүниежүзінде таниды. Осы еңбегі үшін Сергей Ан биыл Қазақстанның 100 жаңа есімі кітабына енді.

Владислав Дю-«Nomad MMA» әлемдік федерациясы кеңес басқармасының президиум төрағасы

«Қазіргі таңда бізге тағы 3 мемлекет қосылды. Олар Үндістан, Пәкістан. Қазір біздің ұйымға 16 мемлекет мүше. ММА аралас жекпе-жегінің түрі көп. Деседе, біз бірінші кезекте тәрбиеге мән береміз. Мінезі мықты, нағыз жауынгерлерді дайындауға аса көңіл бөлеміз.

Жарыста чемпиондар саны бойынша Қарағанды көш бастады. 6 қарағандылық бірінші орынға қол жеткізді. Одан кейінгі орынға 5 алтынмен  Балқаш жайғасты. Ақтөбе және Қостанайда 4 спортшы чемпион атанса, Көкшетау, Тараз, Ақсуда  2 алтыннан. Семейліктер 1 жүлдемен оралды. 1, 2 орын алғандар қазан айында Қарағандыда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать